📢 «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ - МЕМЛЕКЕТ БОЛАШАҒЫНЫҢ НЕГІЗІ» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Республика күні қарсаңында «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселелеріне арналған конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты - балалардың құқықтарын қорғау мен қамтамасыз ету, олардың әл-ауқатын нығайту, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыру мәселелерін талқылау.
Конференция барысында қатысушылар балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасады. Сонымен қатар зорлық-зомбылықтың, буллингтің және балалардың әл-ауқатына қауіп төндіретін басқа да жағдайлардың алдын алудың тиімді жолдарын қарастырады.
📅 Күні: 2026 жылғы 23 қазан
🕙 Уақыты: 10:00
📍 Өтетін орны: «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының акт залы.
👥 Қатысушылар: білім беру ұйымдарының педагогтері мен педагог-психологтері.