⚡️Оқу-ағарту министрі Астанада жаңа «TANYM ART» оқушылар сарайының ашылуына қатысты
🇰🇿Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру аясында елімізде балалардың жан-жақты дамуына, бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
✍️Осы бағыттағы жұмыстардың жалғасы ретінде Астанада «TANYM ART» көпфункционалды оқушылар сарайы ашылды. Жаңа кешеннің ашылу рәсіміне Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.
🎨Жаңа оқушылар сарайы заманауи жабдықтармен және балалардың қабілеттерін дамытуға арналған арнайы кеңістіктермен қамтамасыз етілген. Мұнда робототехника, STEM-технологиялар, ғылыми-техникалық шығармашылық, би, өнер және басқа да бағыттар бойынша түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Сондай-ақ екі бассейн, спорт және концерт залдары, арнайы оқу кабинеттері мен шығармашылық кеңістіктер қарастырылған.
🔺Орталықта инклюзивті білім беру қағидаттарына ерекше назар аударылған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың үйірмелерге қатысуына, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасалған.
👥Ашылу рәсімі барысында министр кешеннің материалдық-техникалық базасымен танысып, балалармен жүздесті. Олардың қызығушылықтары, шығармашылық ізденістері мен болашақ жоспарлары туралы әңгімелесті.
🌟«TANYM ART» оқушылар сарайы елордадағы қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп, балалардың ғылыммен, өнермен және спортпен айналысуына, жаңа дағдыларды меңгеріп, өз таланттарын дамытуына жағдай жасайды.