Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
image description
image description
icon

ҚАУІПСІЗДІК САБАҚТАРЫ

2026–2027 оқу жылында «Қауіпсіздік сабақтары» жобасының мазмұны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 56 қаулысымен бекітілген «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 35-тармағына сәйкес өзектендірілді.

Жоба мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне, орта білім беру ұйымдарының 1–11-сынып оқушыларына, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған.

Мақсаты: тәрбиеленушілер мен білім алушылардың түрлі өмірлік жағдайларда өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған қауіпсіз әрі жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Жоба мазмұнына қазіргі заманғы өзекті қауіп-қатерлер енгізілді: кибербуллинг, онлайн-груминг, фишинг және алаяқтық, жасанды интеллект және дипфейктер, психологиялық қысым мен манипуляциялар, дропперлік, құқыққа қайшы әрекеттерге тарту.

Жоба мазмұны «Адал азамат» құндылықтарын, «Заң және тәртіп» қағидаттарын және «Таза Қазақстан» бастамасын қамтиды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап