КЕЙС-МЕНЕДЖМЕНТ: БАЛАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДІҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ
Атырау облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары 7-11 қыркүйек аралығында балалардың құқықтарын қорғау саласындағы кейс-менеджмент бойынша оқыту курсынан өтуде.
Оқытуды ұйымдастырушылар — «Өркен» балалардың әл-ауқаты ұлттық ғылыми-практикалық институты және Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ).
Атырау қаласында өтіп жатқан оқыту курсына ко-тренер ретінде «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Медеухан Жасжанова қатысып, оқу үдерісін жүргізуде.
Курс — балаға көмек көрсетудің заманауи тәсілдерін меңгеріп, теориялық білімді нақты жағдайлармен ұштастыруға мүмкіндік беретін маңызды кәсіби алаң.
Оқыту барысында балалардың құқықтарын қорғау жүйесі, кейс-менеджмент кезеңдері, баланың ең жақсы мүддесін басшылыққа алу, жарақатқа бағдарланған және балаға бағытталған тәсілдер, қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен отбасыларына қолдау көрсету, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылады.