Жаңалықтар

image description
icon

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді

ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты КеАҚ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Каттаубаева Маржан Ерланқызының ұйымдастыруымен Қоғам қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің өкілі Жабаева Мөлдір Серікқызы арнайы шақырылған спикер ретінде қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының негізгі ережелері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және профилактикасы, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен талаптарды сақтауы мәселелері қарастырылды.

Іс-шара барысында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтаудағы жауапкершілікті күшейтуге ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шараларды өткізу Қоғам қызметкерлерінің құқықтық білімін арттыруға, адалдық, ашықтық қағидаттарын нығайтуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап