Жаңалықтар

image description
icon

⚡️Жұлдыз Сүлейменова Қосшы қаласындағы мектеп-гимназияның жұмысымен танысты

✍️Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Қосшы қаласындағы мектеп-гимназияға барып, білім беру ұйымының жұмысымен танысты.

📚Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындаған білім беру инфрақұрылымын дамыту басымдықтары мемлекеттік қолдаумен қатар жеке бастамаларды да біріктіреді. Соның нақты мысалы ретінде бұл мектеп-гимназия 2023 жылы Болат Өтемұратов Қорының қаражаты есебінен салынып, Қосшы қаласына өтеусіз берілді.

🔬Үш қабатты білім ордасы 1500 оқушыға арналған, жалпы аумағы шамамен 16 мың шаршы метрді құрайды. Мектепте заманауи оқу кабинеттері, зертхана, оқу-өндірістік шеберханалар, ақпараттық орталық, шығармашылық студия, коворкинг кеңістігі, спорт және гимнастика залдары қарастырылған. Инфрақұрылым ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолжетімді етіп жабдықталған.

🎥Жұлдыз Сүлейменова мектептің білім беру ортасымен, оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуымен және оқушылардың жетістіктерімен танысты. Министрге мобилография кабинетінің мүмкіндіктері, оқушылардың медиа саласындағы шығармашылық жұмыстары мен жүзеге асырып жатқан жобалары таныстырылды.

🤝Мұндай әлеуметтік жобалар мемлекет пен бизнестің күш-жігерін біріктіріп, балалардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына заманауи жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап