БАЛАНЫ ҚОЛДАУ: ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ БІРЛЕСКЕН ҚАДАМ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагог-психологтары мен әлеуметтік педагогтеріне арналған «Балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында әдістемелік күн өтті.
Кездесуді орталық директоры Меруерт Жұбандықова ашып, білім беру ұйымдарында құқықтық-нормативтік құжаттарды жүргізу тәртібіне тоқталды. Сонымен қатар педагог-психолог, әлеуметтік педагог және топ жетекшілерінің өзара бірлескен жұмысының маңызын атап өтті.
Орталықтың бөлім меңгерушісі Гүлнұр Советова жаңа оқу жылында білім алушылармен жүргізілетін диагностикалық жұмыстар мен түзету-дамыту бағдарламаларын таныстырды.
Орталықтың әлеуметтік педагогі Ира Дарменова педагогикалық бақылауды қажет ететін білім алушыларға әлеуметтік-психологиялық жағдайын ескере отырып, жеке қолдау көрсетудің негізгі бағыттарын түсіндірді.
Шара барысында мамандар белсенділік танытып, тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылып, өзекті мәселелер талқыланды.