Жаңалықтар

image description
icon

⚡️Жаңа оқу жылы: Оқу-ағарту министрлігінде салтанатты іс-шара өтті

📚Оқу-ағарту министрлігінде Білім күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиынға министрлік пен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

📚Іс-шара барысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова республикалық Тамыз конференциясын дайындауға және өткізуге қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерді марапаттады.

💬 «Баршаңызды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен Тамыз конференциясында білім беру саласын одан әрі дамытудың басым бағыттары айқындалды. Осындай маңызды іс-шараны жоғары деңгейде дайындауға және өткізуге атсалысқандарыңыз үшін барлығыңызға ризашылығымды білдіремін. Бұл - үлкен команданың ортақ еңбегі. Сіздер ұйымшылдық пен жауапкершілік танытып, әр тапсырманы сапалы орындадыңыздар», - деді Жұлдыз Сүлейменова.

👏Марапат иелерін құттықтаймыз! Барша әріптесімізге жаңа оқу жылында табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап