Жаңалықтар

image description
icon

⚡️Жаңа оқу жылы: Қазақстанда 57 жаңа мектеп ашылды

🔔 2026-2027 оқу жылында еліміздегі 8 мыңнан астам мектепте 4,1 млн бала білім алады. Оның ішінде 380 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады.

🔔Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде білім беру инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. Негізгі міндет - оқушы орындарының тапшылығын азайтып, балалардың қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына жағдай жасау.

🔔Жаңа оқу жылы қарсаңында 62 мың оқушы орнына арналған 57 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа нысандардың ашылуы қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайтып, балалардың заманауи жағдайда білім алуына мүмкіндік береді.

📌Жаңа мектептердің ең көбі Алматы қаласында, Батыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе және Түркістан облыстарында ашылды. Оларда оқу сабақтарын өткізуге, спортпен шұғылдануға, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және техникалық дағдыларын дамытуға қажетті жағдайлар қарастырылған.

🔺Апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу жұмыстары да жалғасуда. Құрылыс Арнаулы мемлекеттік қордың, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, жергілікті бюджеттердің қаражаты және тартылған жеке инвестициялар есебінен жүргізілуде.

✍🏻 Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1300 мектепті реновациялау бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама мектеп ғимараттары мен материалдық-техникалық базаны жаңартуды, қауіпсіздік деңгейін арттыруды және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруды көздейді.

✅Білім беру инфрақұрылымының тапшылығын кезең-кезеңімен азайту және еліміздің барлық өңірінде балалардың білім алуына тең жағдай жасау бағытындағы жұмыс жалғасады.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап