Жаңалықтар

image description
icon

«ӨРКЕН» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырма бойынша «Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бағдарламасының ғылыми-практикалық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған 80 сағаттық қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстарының басталатынын хабарлайды.

            Курстың мақсаты: білім алушылардың жобалық іс-әрекеті негізінде білім беру ұйымдарында жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу және қарсы іс-қимыл жүйесін тиімді іске асыру бойынша орта білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттерін жетілдіру.

            Курстың өткізілу мерзімі: 01-12 маусым 2026 жыл

            Оқыту тілдері: мемлекеттік, орыс.

            Оқыту формасы: күндізгі.

            Мақсаттық аудиториясы: орта білім беру ұйымдарының педагогтері.

            Курс соңында тыңдаушыларға сертификат беріледі.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап