«ДосболLIKE» бағдарламасы аясында балалар күніне орай интерактивті ойын-тренинг ұйымдастырылды
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты кең ауқымды әлеуметтік серіктестікті белсенді түрде дамытуды жалғастыруда.
Біздің басты мақсатымыз – әрбір бала үшін қауіпсіз әрі үйлесімді орта қалыптастыру.
Халықаралық балаларды қорғау күнінде Институт қызметкерлері А.Х. Мұхтаров, Б.К. Құдышева және Г.Б. Құрбанова Алматы қаласының бірнеше тұрғын үй кешенінде жүзеге асырылған «ДосболLIKE» бағдарламасы аясындағы жобаға қатысты. Кішкентай тұрғындар үшін баланың өзін-өзі қорғай білу, қиындықтар алдында жасымау және күрделі жағдайларда абдырап қалмау дағдыларын үйретуге бағытталған интерактивті ойын-тренинг ұйымдастырылды.
Жазғы кезеңде балалар бос уақытын жиі аулада, ересектердің тікелей қарауынсыз өткізеді. Сол себептен сарапшылар балаларға қалалық қауіпсіздіктің негізгі ережелерін ойын түрінде және қолжетімді тілде үйретті:
Бейтаныс адамдардың айла-амалдары мен манипуляцияларын қалай тануға болады және олардың тұзағына түспеу жолдары.
Күмәнді жағдайларда қалай сенімді түрде нақты «ЖОҚ» деп айту және өзін-өзі қорғау.
Егер адасып кетсең не істеу керек, кімнен көмек сұрау қажет және көмекке қалай дұрыс шақыру керек.
Ішкі күш-жігер мен өзін-өзі қорғауға деген психологиялық дайындық неден құралады.
Балалар қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Өсіп келе жатқан ұрпақты қорғау құндылықтарын олардың тікелей өмір сүретін және ойнайтын жерлерінде насихаттау өте маңызды. Әрбір бала үшін жаз мезгілі қуанышты әрі қауіпсіз өтсін!