КӨҢІЛДІ КӨТЕРІП, ҚУАНА БІЛ!
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Нұргүл Қалданова мен Айдана Алданова М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 8-сынып оқушыларына «Көңілді көтеріп, қуана біл!» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Оқушылар түрлі психологиялық ойындар мен сергіту жаттығуларына қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын тапсырмалар орындады.
Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, топпен жұмыс жасау арқылы ұйымшылдық пен өзара қолдаудың маңызын сезінді.
Іс-шара қорытындысында өзара қарым-қатынас нығая түсті.
Поделиться: