«СЕНІМ КӨПІРІ» ЖОБАСЫ: АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ №53 ОРТА МЕКТЕБІ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының «Сенім көпірі» облыстық жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы №53 орта мектебінде ата-аналарға арналған «Бақытты отбасы — сенімді болашақ кепілі: отбасы құндылықтары мен өзара түсіністіктің рөлі» тақырыбында интерактивті семинар ұйымдастырылды.
«Ice-breaker» бөлімінде орталықтың таныстырылым бейнеролигі көрсетіліп, психолог Роза Көшкінбаева сергіту жаттығуын өткізді.
Орталықтың әлеуметтік педагогі Алмажан Қоғамбаева «Отбасы құндылығы — бақытты болашақ кепілі» тақырыбында баяндама жасап, тәрбие және эмоционалдық қолдаудың маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.
«Networking» практикалық бөлімінде «Аяқталмаған сөйлем», «Ашық диалог» форматында сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды. Ата-аналар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, ойларын ортаға салды.