Жаңалықтар

image description
image description
image description
image description
icon

Астанада оқушылар арасында құқықтық мәдениетті дамытуға арналған форум өтті

Астанадағы №111 жалпы орта білім беретін мектепте «Конституция және біз. Құқықтар мен жауапкершілік» атты республикалық оқушылар форумы өтті.

Форум жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық ұстанымын нығайтуға және «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалы және Астана қаласы әкімдігінің №111 жалпы орта білім беретін мектебі бірлесіп ұйымдастырды.

Форум барысында оқушылар TEDx форматындағы ашық пікір алаңдарына қатысып, заң үстемдігі, қоғамдық жауапкершілік, ұлттық бірегейлік, білім мен тәрбие мәселелері бойынша ой бөлісті.

Оқушылардың жұмысы бес тематикалық секция бойынша ұйымдастырылды.

«Әділет» секциясында адам құқықтары, қауіпсіз орта, буллингтің алдын алу және құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды. «Білім және инновация» секциясында цифрлық ортадағы жауапкершілік, жасанды интеллект, академиялық адалдық және киберэтика тақырыптары қаралды.

«Халықтық меншік» секциясы табиғатты қорғау, экологиялық сана және «Таза Қазақстан» бастамасына арналды.

«Қоғамдық диалог» секциясында ұлттық бірлік, қоғамдық келісім және жастардың азаматтық белсенділігі талқыланды.

«Адам капиталы» секциясында адал еңбек, кәсіби бағдар, тарихи мұра және саналы ұрпақ тәрбиесі мәселелері көтерілді.

Форум қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар мен үздік спикерлер арнайы марапаттарға ие болды.

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап