Жаңалықтар

image description
image description
image description
icon

ЕЛІМІЗДІҢ МЕКТЕПТЕРІНДЕ «ДОСБОЛLIKE: БІЗ БӘРІМІЗ ТЕҢБІЗ» ЧЕЛЛЕНДЖІ ӨТЕДІ

Қазақстан мектептерінде буллингке қарсы мәдениет қалыптастыруға, сондай-ақ оқушылар арасында құрмет, теңдік және қолдау құндылықтарын нығайтуға бағытталған «ДосболLIKE: біз бәріміз теңбіз» ауқымды республикалық челлендж бастау алады.

Бұл жоба еліміздегі барлық жалпы орта білім беру ұйымдарын біріктіріп, қауіпсіз әрі психологиялық жайлы білім беру орта құру жолындағы маңызды қадам болмақ. Челлендждің негізгі идеясы - кішігірім ізгі істер арқылы әрбір оқушы өз ойын айтуына, қорғануына, қолдау табуына жағдай жасау.

Бастама аясында мектеп оқушылары өздерінің тұлғалық әлеуетін ашуға, эмпатия мен топтық жұмыс дағдыларын дамытуға көмектесетін түрлі белсенді іс-шараларға қатысады. Қатысушылар бейнероликтер, әлеуметтік акциялар, флешмобтар мен шығармашылық жобалар арқылы достықтың, өзара көмектің және әр баланың даралығына құрметпен қараудың маңыздылығын паш етеді.

Іс-шаралар келесідей

Категории:
Поделиться:
Сұрақ-Жауап