КӘСІБИ КҮЙЗЕЛІСТІ БОЛДЫРМАУ ЖОЛДАРЫ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Нұргүл Қалданова Ақтөбе қаласы №17 орта мектеп-гимназиясында педагогтерге арналған «Кәсіби күйзелісті болдырмау жолдары» атты тренинг өткізді.
Тренинг барысында педагогтер кәсіби күйзелістің себептері және белгілерімен танысып, оны алдын алу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар, қатысушыларға эмоционалдық шиеленісті төмендетуге арналған релаксациялық жаттығулар, тыныс алу техникалары және психологиялық сергіту ойындары ұсынылды. Педагогтер тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді қарым-қатынас орнату және қиын жағдайлардан шығу жолдарын талқылады.
Нәтижесінде ұстаздар кәсіби күйзелісті басқарудың тиімді тәсілдерін меңгеріп, өздерінің эмоционалдық жағдайын реттеу дағдыларын жетілдірді. Сондай-ақ, күнделікті жұмыс барысында стрессті төмендету жолдарын қолдануға дайын екендіктерін білдіріп, тренингтен алған пайдалы ақпараттарды тәжірибеде қолданатындарын айтты.