ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскерлері Лаура Бердібекова және Ботагөз Қосмағамбетованың ұйымдастыруымен Кенқияқ орта мектебінде «Мұғалімнің эмоционалдық тұрақтылығы» тақырыбында педагогтерге арналған семинар-тренинг өтті.
Мақсат - ұстаздардың кәсіби күйзелісті басқару дағдыларын дамыту, эмоцияны тану және оны тиімді реттеу жолдарын меңгерту. Психологиялық саулығын қолдап, педагогикалық қызмет сапасын арттыру.
Жасөспірімдерді қолдау, сүйемелдеу және алдын алу жұмыстары аясында құқықтық-нормативтік құжаттарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында келесі тиімді әдістер қолданылды:
МАК-карта арқылы ішкі сезімдермен жұмыс.
«Эмоция түрлері» карточкалары - эмоцияны тану және ажырату.
«Лифт» жаттығуы - қысқа уақытта күйді өзгерту және өзін-өзі реттеу дағдысы.
«Өзіңді таны» рефлексиялық тапсырмасы — ішкі ресурсты анықтау.
Педагогтер өз эмоцияларын бақылау, кәсіби шаршаудың алдын алу және ішкі тепе-теңдікті сақтау жолдарын тәжірибе арқылы меңгерді.