АИТВ-ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында «АИТВ-инфекциясының алдын алу» тақырыбында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі облыстық орталығының бөлім меңгерушісі Динара Оразалиновамен кездесу өтті.
Іс-шара барысында Динара Оразалинова АИТВ-инфекциясының өзекті мәселелері, иммундық жүйеге әсері, тексерілу әдістері, облыстағы эпидемиологиялық жағдай, алдын алу шаралары мен емі және стигма, кемсітушіліктің алдын алу туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде орталық мамандары сауалдарын қойып, нақты жауаптарын алды. Сонымен қатар өзара пікір алмасып, маңызды ақпаратпен бөлісті.
Поделиться: