БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МАЗАСЫЗДЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Ақтөбе сервис колледжінің оқытушыларына арналған «Білім алушылардың мазасыздық жағдайлары» тақырыбында дәріс ұйымдастырылды.
Мақсат — колледж жасөспірімдері арасында жиі кездесетін мазасыздық белгілерімен таныстыру, оларды дер кезінде анықтау және тиімді психологиялық қолдау көрсету жолдарын түсіндіру.
Шараны «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева жүргізіп, мазасыздықтың негізгі белгілері, себептері мен салдары, сондай-ақ педагог тарапынан көрсетілетін қолдау тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Дәріс оқытушылардың психологиялық сауатын арттырып, білім алушылармен тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған мазмұнды кездесу болды.
Поделиться: