ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты «Қазақстан темір жолы» АҚ әйелдер қауымымен кездесті.
Іс-шараға Әйелдер қанатының кеңесшісі Күлшат Масалимова және ұйымның белсенді мүшелері қатысты.
Кездесу «Әйелдерге қолайлы кәсіпорын» стандарты аясында ұйымдастырылып, қатысушыларға арнайы семинар-тренинг ұсынылды.
Темір жол саласында еңбек етіп етіп жүрген әйелдер өз ой-пікірлерін білдіріп, мекемеге психолог қызметінің қажет екенін алға тартты.
Шара барысында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Медеухан Жасжанова «Қызмет: отбасы балансы және эмоционалдық шаршаудың алдын алу» тақырыбында тренинг өткізіп, қатысушылармен ой бөлісті.
Кездесу өзара тәжірибе алмасып, әлеуетті арттыруға және әйелдер арасындағы қолдау ортасын кеңейтуге мүмкіндік берді. Осындай шаралар жұмыс орнында сенімділікті қалыптастырып, жаңа білім мен дағдылар алуға ықпал етеді.